Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлердің жағдайы тұрақты – Қорғаныс министрлігі
Миссияның жеке құрамы БҰҰ мандатына сәйкес өз міндеттерін толық атқаруда

Қазақстандық бітімгерлер қызмет ететін БҰҰ-ның Голан жоталарындағы (СОННР) жауапкершілік аймағында жағдай шиеленісті болғанымен, тұрақты деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Миссияның жеке құрамы БҰҰ мандатына сәйкес өз міндеттерін толық атқаруда.
«Бітімгерлердің қауіпсіздігі басты назарда. Осыған байланысты қажетті шаралар қолға алынып, сириялық және израильдік тараптардың өкілдерімен тұрақты байланыс орнатылған. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жағдайды қадағалауда және қазақстандық әскери қызметшілермен үздіксіз байланыс жасап отыр», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, егер эвакуация қажет болса, бұл мәселе БҰҰ басшылығының миссия қолбасшылығының ұсынысы бойынша қаралатын болады.