Зардап шеккендер жоқ
Павлодар қаласында құтқарушылар жол үстінде жанып жатқан автокөлікті сөндірді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Солтүстік өнеркәсіптік аймақтың жол бөлігінде жеңіл автокөлік өртенген. Өртті ТЖМ өкілдері толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды абай болуға шақырды және автокөлікпен төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне қоңырау шалуды ұсынды.