Тоқаев Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді

Фото: sports.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде өткен жекпе-жекте ирландиялық Иан Мачадо Гэрриді жеңді. Бұл жеңіс Рахмоновтың UFC ұйымындағы жетінші, ал жалпы мансабындағы 19-жеңісі. Сонымен қатар бұл Иан Гэрридің кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі.