Байқау 9 желтоқсанда басталып, өтініштер 29-ына дейін қабылданады
TikTok жетекші қысқа және креативті бейне платформасы қазақстандық бизнесті ел ішінде де, шетелде де қолдауға және танымал етуге бағытталған #ҚазақстандаЖасалған жаңа конкурсының басталғаны туралы хабарлайды. Байқау «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
TikTok кәсіпкерлерге өз идеялары мен өнімдерін жаһандық платформада ілгерілету үшін кең мүмкіндіктер бере отырып, бизнестің өсуіне белсенді түрде ықпал етеді. Үлкен аудиториясы және мазмұнды құру және таратудың қуатты құралдары бар TikTok кәсіпкерлерге бренд туралы мағлұматты арттыруға, әлеуетті тұтынушыларға қол жеткізуге және бизнесін кеңейтуге мүмкіндік беретін жергілікті және халықаралық компаниялар үшін тиімді платформаға айналды.
«Байқау 9 желтоқсанда басталып, өтініштер 29-ына дейін қабылданады. Қатысушылар өз тарихын бөлісіп, қысқа бейне форматында өз бизнесі, оның міндеттері мен мақсаттары туралы айтуы керек. Жоба жергілікті кәсіпкерлер қауымдастығына өзі жайында, сонымен қатар, Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі туралы айтудың бірегей мүмкіндігін беріп қана қоймай, басқаларды өз бизнесін құруға шабыттандырады», — деп жазылған хабарламада.
Байқау аясында жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталады:
Қатысушылар 16 жастан асқан, Қазақстанда тұруы және жалпыға қолжетімді TikTok профилі болуы керек. Қатысу үшін 30 секундтан 2 минутқа дейін созылатын, бизнестің мәнін, сонымен бірге, оның шешетін мәселелерін ашатын қысқа бейнеролик жасап, оны TikTok-қа #ҚазақстанЖасалған хэштегімен орналастыру қажет. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға – 4 дана iPhone 16 Plus смартфонына ие болады.
Конкурс екі кезеңмен бағаланады:
Конкурсқа қатысу үшін:
Жеңімпаздар 2025 жылдың қаңтарында жарияланады.