Құтқарушылар баланы аман алып қалу үшін қабырғаның бір бөлігін бұзуға мәжбүр болған
Ақмола облысында құтқарушылар пәтерде жалғыз қалып қойған бір жасар сәбиді құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Қосшы қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.
«Бір жасар сәби есікті ілгекпен жауып, үйде жалғыз қалған. Бұл кезде ересектер далаға шығып кеткен. Құтқарушылар арнайы құралдарды пайдаланып, есікті ашты және баланы аман-есен ата-анасына тапсырды. Бала жарақат алған жоқ», — делінген хабарламада.
Құтқарушылар баланы аман алып қалу үшін қабырғаның бір бөлігін бұзуға мәжбүр болған.