$ 514.93  536.04  5.18
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да білім басшыларына арналған «Өсу векторы» кәсіби диалог алаңында жиын өтті

Іс-шарада еркін ойлар мен сарабдал пікірлер ортаға салынды

 

БҚО-да білім басшыларына арналған «Өсу векторы» кәсіби диалог алаңында жиын өтті
Фото: БҚО Білім басқармасы

БҚО Назарбаев зияткерлік мектебінде мектеп басшыларына арналған «Өсу векторы»  кәсіби диалог алаңы өтті. Шараны БҚО әкімдігі мен БҚО білім басқармасы ұйымдастырып отыр. Оған аудан және қала мектептерінің директорлары қатысты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy  облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Сөз алған облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Меңдіғалиев еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамытуға үлкен жағдай жасап отырғанын, биыл және алдағы жылдары облысымыздағы білім ошақтары модернизацияланатындығын тілге тиек қылды.

«Пәндік кабинеттер жобасының жұмыстары әлі де жандандырылатын болады деді.Бүгінгі шараны өткізудегі негізгі мақсат та осы мектептердегі жұмыстардың жағдайын көтеру бағытындағы жұмыстарды бетпе-бет талқылау, ой бөлісу», -  деді облыс  әкімінің  орынбасары.

Шара модераторы, білім басқармасының басшысы Е.Н.Сафуллин алаңдағы  алғысөзінде  білім берудегі жүргізіліп жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың табыстылығын анықтайтын басты тұлға – мектеп басшысы. Осы орайда, бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты - мектеп басшыларының басқару тиімділігіне ерекше көңіл бөлу деді.

Іс-шара одан әрі спикерлердің жарыссөзіне ұласып, еркін ойлар мен сарабдал пікірлер ортаға салынды.

«Функционалдық сауаттылық және білім беру стратегиялары: BINOM  және халықаралық тәжірибелер» тақырыбында «BI Education» ЖШС «Білім болашағы» қорының атқарушы директоры Ш.М. Кадырова сөз алса, «Мектеп директоры: менеджер, әлде көшбасшы?», Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы,  университеттің «Білім берудегі инновациялар және цифрлық оқыту» орталығының  ғылыми жетекшісі С.М. Бахишева ал, «21 век. Онтология образования цифровой эпохи» тақырыбында педагогика ғылымының кандитаты   Л.В. Обыденкиной дайындаған ақпараттарын ұсынды.

«Мектеп директоры жұмысының негізгі көрсеткіштерін анықтау және өлшеу» жайында  Орал қаласы, НЗМ директоры А.Т.Айтпукешев,«Тектілік феномені: дәстүр мен жаҺандану» тақырыбында М.Өтемісов атындағы БҚУ, доцент, тарих ғылымдарының кандитаты    Ж.Ж.Жақсығалиев айтты.

Edata.kz компаниясының директоры С.  Кенжеханұлы «Жасанды интеллект құралдарын жүйелі түрде ендіру арқылы жобалық кеңсе мен мақсатты мектептер сапасын арттыру» таңырыбында сөз алса, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы құндылықтарын пән мазмұнына кіріктіру» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты М.А. Медетбекова әңгімеледі. «Отандық цифрлық шешімдерді білім беру ұйымдарында оқыту процесіне енгізу тәжірибесі» туралы Bilim Land  компаниясы, Білім беру және инфрақұрылымдық жобалар басшысы Н.А. Жашибеков айтты.

«Күннің екінші жартысында қалалық білім беру  бөлімінің басшысы А.М.Темірханованың басшылығымен білім ордаларының басшылары «Зерттеу жұмыстарын жүргізудегі серіктестік және коммуникация» , «Білім берудің заманауи модельдері, «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік сүйемелдеудің моделі» , «Экологиялық құзіреттілік пен рухани құндылықтың көзі - оқу мен тәрбие» , «Командалық жұмыс: ізденіс, шығармашылық, нәтиже» тақырыптарында трениг ұйымдастырды», - делінген хабарламада.

Білім басшыларына арналған «Өсу векторы» кәсіби алаңы бүгін де өз жұмысын жалғастырып жатыр.Бұл алаңның білім басшыларының кәсіби деңгейлерін арттыруда маңызы жоғары екені даусыз.Тиімді де ауқымды  жобаның алдағы уақытта да жалғасын табатындығы сөзссіз.

Серіктес жаңалықтары