Ол үйінен 15 шақырым жерден табылды
Қостанай облысының Озерное ауылында жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім бір күннен кейін табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
15 жастағы Қуандық Мақсат 5 желтоқсан күні Озерное ауылы Пушкин көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Жасөспірімді 35 полиция қызметкері, 30 құтқарушы және еріктілер іздеді. 6 желтоқсанда жергілікті БАҚ оны өзі тұратын ауылдан 15 шақырым жерде табылғанын хабарлады. Оның үйінен неліктен кеткені белгісіз.
Бозбаланы іздеу үшін арнайы техника мен дрон қолданылды.