Ол 5 желтоқсан күні үйінен шығып кеткен
Қостанай маңындағы Озерное ауылында 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып, сол қалпы қайтып оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
15 жастағы Қуандық Мақсат 5 желтоқсан күні Озерное ауылының Пушкин көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Үйінен шығар кезде ол болонья курткасын, қара бас киім мен шалбар, галош киген.
Жасөспірім арықтау келген, бойы – 150-160 см.
Жоғалған адамның орналасқан жері анықталған жағдайда мына телефон нөміріне хабарласу қажет: +7 705 105 08 04, +7 777 998 45 25 немесе 102.