Өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 287 адамға жетті
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 24 адам тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 24 адамнан COVID-19 вирусы табылды, олар: Қарағанды қаласының тұрғындары — 21 жастан 62 жас аралығындағы 10 ер адам, 1997, 2000, 1990 жылғы үш әйел адам; Теміртау қаласының тұрғындары — 31 жастан 58 жас аралығындағы 8 ер адам, 2016 жылғы ұл бала; 1973 жылғы әйел адам; Ақтау кентінің тұрғыны — 1986 жылғы әйел адам», - делінген ақпаратта.
Барлық пациент коронавирус инфекциясын бұған дейін жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған. Олар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
19 мамырдағы ахуал бойынша облыста коронавирусты 287 адам жұқтырған, оның ішінде 3 адам көз жұмған және 156 науқас жазылып шыққан.