Астанада Ресей туының өзгеруі: ІІМ мәлімдеме жасады

Автор: Асыл Арман

Осыған дейін LED-экранға хакерлік шабуыл жасалғаны хабарланған

Фото: видеодан скриншот

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Ресей президенті Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келген уақытта қала көшелерінің біріндегі LED-экрандардың бірінде Украинаның туы пайда болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-министр әзірге толық мәлімет жарияланбайтынын қозғап өтті.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, толық мәліметті бере алмаймыз», - дейді Санжар Әділов.

Айта кетейік, осыған дейін елордадағы «Астана Опера» театры жанындағы LED-экранға хакерлік шабуыл жасалғаны хабарланған болатын.