Танымал блогер Артур Асқарұлы сүйіктісіне ұсыныс жасап, некесін қиды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оның сүйіктісі – киім дизайнері

Фото: Instagram/archibaaalt

Танымал блогер Артур Асқарұлы (archibaaalt) сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, көп ұзамай некесін қиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогердің сүйіктісі – Замира (saimira1) киімнің жаңа эскизін жасайтын дизайнер екені белгілі. Артур Асқарұлы үйлену туралы ұсынысын Көлсай көлдерінің маңында жасаған.

Арада көп ұзамай, блогер мешітте некелерін қиған сәтінен кадрлар жариялады.