Тоқаев Финляндия президентімен телефон арқылы сөйлесті

Автор: Асыл Арман

Тоқаев Стуббты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты және Финляндия халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.