$ 508.5  580.66  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында 100-ге жуық адам сот талаптарын сақтамағаны үшін қайта қамауға алынды

Олардың бақылаудағы аумақтан шығып кеткені анықталды

Жамбыл облысында 100-ге жуық адам сот талаптарын сақтамағаны үшін қайта қамауға алынды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында «Сотталғандардың өңірдегі криминализацияға әсерін төмендету» жобасын іске асыру барысында пробациялық бақылау жүргізу кезінде бірқатар бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пробация қызметтері мен ішкі істер органдары арасында жеткіліксіз өзара әрекеттестік, сондай-ақ, ауыр бұзушылардың жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа уақытылы ұсыныстарды жолдамау фактілері анықталды.

«Сот үкімдерімен белгіленген шектеулердің орындалуын талдау нәтижесінде есепте тұрған тұлғалармен қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны, бақылаудағы аумақтан шығу жағдайлары анықталды.

Қадағалау актісі бойынша пробация қызметі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 45 ұсыныс жолданды, олардың 15-і сотпен қанағаттандырылды, қалғандары қаралу сатысында

Жалпы, осы жылдың басынан бастап белгіленген сот шектеулерін бұзғаны үшін 98 азамат бас бостандығынан айырылды. Бұл шаралар қайталама қылмыстардың төмендеуіне және криминогендік жағдайдың жақсаруына ықпал етті», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Пробациялық бақылау саласындағы аталған кемшіліктер облыс әкімі, құқық қорғау және арнайы органдардың басшыларының қатысуымен өткен Үйлестіру кеңесінде қаралды.

Серіктес жаңалықтары