Доллар бүгін қымбаттаған жоқ

Автор: Асыл Арман

Доллар кеше Қазақстанда 536 теңгеге бір-ақ жеткен

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда бүгін валюта нарығында доллар қымбаттаған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыда долларды сатып алу – дәл қазіргі сәтте 528 теңге, ал сату – 526 теңге.

Ал Астанада сатып алу 529 теңге болса, сату құны – 522 теңге.

Айта кетейік, кеше доллар Астана мен Алматыда түстен кейінгі уақытта 536 теңгеге бір-ақ көтерілген болатын.