Алматы-Шелек-Қорғас тас жолындағы жол апатынан бір адам көз жұмды

Автор: Дулат Асель

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Видеодан алынған кадр

2024 жылдың 2 желтоқсанында Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала ақпарат бойынша, 32 жастағы Nissan Teana көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты сақтамай, Beiben жүк көлігімен соқтығысқан. 

Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. 

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ қауіпсіз қашықтықты ескерудің маңыздылығын тағы да еске салады», - делінген хабарламада.