Қызылорда облысында браконьерлікпен айналысқандардан 2 мыңнан астам киік мүйізі табылды

Автор: Асыл Арман

Оларға қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында жойылып кету қаупі бар жануарлардың мүйізін сатумен айналысқан азаматтар ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2038 киік мүйізі, электронды таразылар және екі автокөлік тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.