Қазақстан онлайн қызмет көрсету рейтингінде Жапониядан кейінгі орында тұр

Автор: Аягөз Құрмаш

Еліміз Жапониядан кейінгі орынға жайғасқан

Фото: Energyprom.kz

БҰҰ деректері бойынша Қазақстан интернет арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бағалайтын онлайн қызметтер индексі (Online Service Index) бойынша әлемнің үздік ондығына кіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл көрсеткіш қызметтер спектрінің кеңдігін де, азаматтардың өтініш беруі мен қорытынды нәтижелерін алуды қоса алғанда, онлайн өзара іс-қимылдың толықтығын да көрсетеді.

2024 жылы рейтингтің көшбасшысы Оңтүстік Корея болды, ол ең жоғары балл алды, ал Эритрея тізімнің соңына жайғасты.

Energyprom.kz хабарлағандай, Қазақстан алғашқы ондықты тұйықтап, 10-орынды иеленді және өзінің технологиялық жетістіктерімен танымал ел Жапониядан сәл ғана артта қалды.

ТМД және Орталық Азия елдері арасындағы ең жақын нәтиже 53-орында тұрған Армения. Ресей 56-шы орында, Өзбекстан 59-орында, Қырғызстан 89-орында, ал Түрікменстан аутсайдерлер арасында 172-орында.