$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Есірткі, қару-жарақ, браконьерлік: Қазақстан шекарасында бір айда болған заңсыз әрекеттер анықталды

ҰҚК Шекара қызметінің қараша айында атқарған іс-шараларының нәтижесін жариялады

Есірткі, қару-жарақ, браконьерлік: Қазақстан шекарасында бір айда болған заңсыз әрекеттер анықталды
Фото: istockphoto.com

ҰҚК қараша айында шекара маңында 6 мыңға жуық Қазақстан заңын бұзғандарды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 5 785 адам ұсталды. Олар:

  • 17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
  • 19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Ал мемлекеттік шекара арқылы 1 313 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, оның ішінде:

  • 26-сы – есірткі заттары;
  • 62-сі – қарулар мен оқ-дәрілер (30 дана атуға жарамсыз, 1 дана ату, 1 дана пневматикалық, 43 дана суық қару, 136 дана оқ-дәрі, 18 дана электрошокер);
  • 35-і – діни әдебиет (1 215 дана);
  • 414-і – жалпы сомасы 50 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (55 литрден астам);
  • 644-і – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 132-сі – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Сонымен қатар, Каспий теңізінде 7 браконьерлік жағдайдың алды алынды. Оның барысында мынандай заттар тәркіленді:

  • 1 дана жүзу құралы;
  • жалпы ұзындығы 44,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралы;
  • 206 дана (1 633 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 46 дана (30 кг) таза тұқымдас балықтар;
  • 28 дана итбалығы;

«Алды алынған залал сомасы 620 млн теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары