Боксшы Балауса Мұздыманға қарсылас табылмай жатыр

Автор: Дулат Асель

Бұл туралы оның промоутері айтты

Фото: muzdi___/Instagram

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман 20 желтоқсанға белгіленген жекпе-жегіне қарсылас таппай отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Промоутер-менеджерінің мәлімдеуінше, боксшының алдағы кездесуіне лайықты қарсылас іздеу мәселесі туындаған.

«Көптеген қарсыластар жекпе-жекке шығудан бас тартып жатыр немесе деңгейі сәйкес келмейді. Мұндай қиындыққа тап боламыз деп күтпедік», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Балауса Мұздыман 1 маусымда Алматыда өткен HAS Pro Boxing бокс кешінде үндістандық қарсыласын жеңіп, кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізген еді.