Екатерина Вайт отбасын сақтап қалуға тырысқан
Жақында белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелі Екатерина Вайтпен ажырасқаны БАҚ беттерінде жарияланды. Ажырасуға қатысты Екатерина Вайт танымал тележүргізуші Анна Данченкоға сұхбат беріп, некедегі қиындықтары мен бұрынғы жолдасының мінез-құлқы жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екатерина бұрынғы жұбайының отбасылық өмірдегі әрекеттері мен қарым-қатынасындағы қиындықтар туралы айтты.
«Мен отбасымды сақтап қалуға барымды салдым. Бірақ ол бала сияқты ойына келгенін істеп, кейін сол қылығын түсіндірместен, жай ғана 'солай болып қалды' дейтін. Оның кейбір әрекеттеріне күдік келтірген кездерім болды, бірақ бетіне баспадым. Себебі оны қатты жақсы көрдім, сүйдім», – дейді Екатерина.
Оның айтуынша, қарым-қатынасты сақтап қалу үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған, бірақ көптеген жағдайлар оған әсер етіп, сайып келгенде, ажырасуға әкелген.
Сейфуллин Жолбарыс бұл жағдайға байланысты пікір білдірмегенімен, бұрынғы жұбайының бұл мәлімдемесі көпшілік арасында үлкен талқылауға себеп болды.