Азия чемпионатындағы жекпе-жекте екі қазақстандық боксшы жеңіске жетті

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады

Фото: Қ Р ҰОК

Тайландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының екінші күні қазақстандық боксшылар үшін сәтті өтті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

«57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Оразбек Асылқұлов Малайзиядан келген Зульхайлан Мохамадты сенімді түрде жеңіп, ширек финалға жолдама алды», — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, 60 келі салмақта Бейбарыс Жексен өз жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол өзбекстандық қарсыласы Дильшод Абдумұрадовты төрешілердің шешімімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.