Жетісу облысында жоғалған малшылар табылды

Автор: Дулат Асель

Құтқарушылар табылған ер адамдарды Достық ауылына жеткізді

Фото: ТЖМ

Алакөл ауданы Достық ауылынан 45 шақырым жерде 1966 және 1968 жылдары туған екі ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Олар 23 қарашада мал айдауға кетіп, осы уақытқа дейін байланысқа шықпаған. Малшылармен байланыс болмады.

«ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын Трэкол автокөлігімен іздестіру жұмыстарына аттанып, екі сағаттан кейін жоғалғандарды тапты. Олар адасып кеткендерін айтты. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар табылған ер адамдарды Достық ауылына жеткізді», - делінген хабарламада.