Ақмола облысында 30 тонна күнбағыс дәні жанып кетті

Автор: Дәулет Ботагөз

Облыста астық қабылдау пункті өртенді

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы астық қабылдау пунктінде орналасқан кептіру-тазарту кешенінде өрт болып, 30 тонна күнбағыс дәні жанып кетті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Министрліктің мәліметінше, өрт кептіру-тазарту кешенінде шыққан. Өрт болған сәтте агрегатта 30 тонна күнбағыс дәні болған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп, өртті өшірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіру 2-шақырту дәрежесі бойынша жүргізілді. Қызметкерлер жағдайды бақылауға алып, оттың басқа аумақтарға таралуына жол бермеді.

«Қазіргі уақытта өрттің шығу себебін анықтау бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр», — делінген хабарламада.