Ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Алматыда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты сот үкімі шықты. Апатқа кінәлі деп танылған отандық «5:32» сериалының продюсері 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.
«Анель Сартаева 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды», - делінген сот хабарламасында.
Дегенмен судья жазаның орындалу мерзімін үш жылға, сотталушының баласы 3 жас 9 айға толғанға дейін шегерді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.