Қазір осыған байланысты тергеу жүріп жатыр
Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйымның мүшесі алаяқтық бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚМА мәліметінше, ол «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерлік субъектісінен сенімді тұлғалары арқылы 55 млн теңгеден астам қаражат алған деген күдікке ілінді.
«Спорттық жабдықтардың талаптарға сәйкес келмеуі, балалардың келуін есепке алудың бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және спорт секцияларына баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да бұзушылықтар анықталды.
Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде. Сотпен күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.