Күдіктіге қатысты заңсыз аңшылық бойынша тергеп-тексеру басталды
18 мамырда Шиелі аудандық полиция басқармасы мен «Охотзоопром» РМҚК өкілдері бірлесіп өткізген рейд кезінде Шиелі ауданы Телікөл ауылының «Камал» су скважинасының жанында күдік тудырған «ВАЗ» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексерілген.
Автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған қарақұйрық жануарының денесі, 16-калибрлі аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.
«Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 40 жастағы жұмыссыз, облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігінің бойынша (заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.