«Бақсы»: қазақ әйел режиссерінің фильмі Португалиядағы фестивальге қатысады

Автор: Аягөз Құрмаш

Фильмнің атауы - BAQSY (CHAMAN)

Фото: https://www.facebook.com/dana.musa.7

Балерина, хореограф, режиссер, педагог Дана Мұса өзінің «Бақсы» деген фильмі Португалия астанасы Лиссабонда көрсетілетінін хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«28 қарашада сағат 18.00-де Лиссабондағы Teatro do Bairro-да менің BAQSY (CHAMAN) фильмімді Inshadow фестивалінің ресми таңдауында көрсетеді», - деп жазды Дана Мұса.

Еске салсақ, Дана Мұса 2010 жылы Францияға оқуға аттанып, бір емес, екі оқу орнын тәмамдаған. Шетелде жүрсе де түп тамырын ұмытпай, қазақ жерін мекендеген әйелдердің ортақ тұлғасын дене қимылымен сомдауды мақсат еткен. Он жылдан бері Парижде өзі ойлап тапқан жаңа би стилі – этно балетті насихаттап жүр. Ол өзі қойған би қойылымдарында әйел теңдігі, тарихтағы әйелдердің тұлғасын көрсетеді. Би туралы он шақты қысқаметражды фильмдер түсірген.