Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан
Бүгін түнде Алматы маңында тағы да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін 2024 жылғы 28 қарашада Астана уақытымен 01 сағат 31 минутта тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде орналасқан.
Алматы қаласында дүмпудің қуаты 2 балды құрады.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.