Алматы облысында пәтерден өрт шығып, анасы мен баласын күйік шалды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт аумағынан газ баллоны сыртқа шығарылды

Бейнеден кадр

Алматы облысында пәтерден өрт шығып, анасы мен баласын күйік шалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Іле ауданының Байсерке ауылында үш пәтерлі барак үлгісіндегі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде газ жабдығының ақаулығына байланысты газ-ауа қоспасының тарсылы орын алып, өртке ұласқан.

«Өрт сөндіру жұмыстары барысында 1980 жылы туған анасы мен 2001 жылы туған ұлы эвакуацияланып, ауруханаға жатқызылды. Оларды күйік шалған.  Сонымен қатар, өрт аумағынан газ баллоны сыртқа шығарылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.