Оқушының ата-анасы баланы тәрбиелеу міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылады
Астанада мектеп дәретханасында оқушының аяусыз соққыға жығылған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға елордадағы №106 мектепте (Жайлы мектеп) орын алған.
Астана қалалық ПД баспасөз қызметі аталған фактіге қатысты түсініктеме берді.
«Аталған факті полицияда тіркелді. Оқушының ата-анасы баланы тәрбиелеу міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылады. Іс бойынша материалда сотқа және қала әкімдігіне қарасты кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданды. Сондай-ақ, полиция білім басқармасына осындай фактілерге жол бермеу туралы ұсыныс жолдады», - делінген ПД хабарламасында.