Әнші ажырасқаннан кейін ауыр күйзеліске түскен
Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі, актер Жаһан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейін қалай өзгергенін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші ажырасқаннан кейін ауыр күйзеліске түскенін айтты.
«2023 жыл. Ажырасқаннан кейін қатты күйзеліс, есеңгіреу, терімнің ұсқынсыз келбеті, өзіме деген сенімсіздік.
2024 жыл. Терімді емдедім, өзімді жақсы көрдім, ажарлана түстім, өзіме өзім сенімді бола түстім, сахнаға қайта оралдым», - деп жазды Балжан Бидаш Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары әншінің бұл жарияланымына түрлі пікір білдірді.
«Жібекті түте алмаған жүн қылады, қызды күте алмаған күң қылады», «Жаһанға қалай күйеуге шықтың, соған әлі ойланамын», «Жарқыра, қуыршағым», - деп жазды желі қолданушылары.