Ол сайтта небары 3 күн тұрған
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Жаслан Мәдиев электронды үкіметтің eGov mobile мобильді қосымшасында уақыт белдеуіне қатысты жарияланған сауалнамаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сауалнама ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынысы болды. Министрлік уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты кешенді зерттеу жүргізуге ниетті еді. Сол үшін де халық арасында уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты пікірді анықтағылары келді. Сауалнамаға 200 мың адам дауыс берген соң ол тоқтаған. Ғылым министрлігіне берілген нәтиже бойынша өздеріне хабарласу керек. Сауалнама зерттеу үшін жасалды», - дейді Жаслан Мәдиев.
Айта кетейік, EGov mobile мобильді қосымшасындағы сауалнамада бас-аяғы бес сұрақ болған. Солардың арасында «қазіргі уақыт өлшеміне қатысты ойыңыз қандай? Сізге қай уақыт белдеуі ыңғайлы?» деген сауалдар қойылған еді.