$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанға шетелдік байланыс операторлары келе ме? Министр жауап берді

Қазақстандағы байланыс операторларының бірін шетелдік инвесторлар сатып алады

Қазақстанға шетелдік байланыс операторлары келе ме? Министр жауап берді
Фото: istockphoto.com

Қазақстанға алдағы уақытта шетелдік байланыс операторлары келуі мүмкін бе? Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында БАҚ өкілдеріне жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол баспасөз конференциясы барысында Қазақстандағы байланыс операторларының бірін шетелдік инвесторлар сатып алатынын айтты.

«Бізде қазір үш байланыс мобильдік операторы бар: «Beeline», «Tele 2» және «Kcell». «Tele 2» операторын Қатар елінен келген инвестор сатып алмақ. Бұл іс осы немесе келесі айда өтуі мүмкін. Ал одан басқа мобильдік операторлар біздің елге келе ме, келмей ме, ол туралы нақты болжам жоқ. Менің ойымша, жақсы бәсеке үшін біздің нарыққа осы үш оператор жетеді», - дейді Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, осыған дейін Қатар инвесторы Tele2-ні Қазақтелекомнан 1,1 млрд долларға сатып алатыны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары