$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сотта ойсыра жеңілді»: Шымкенттің полиция департаменті баспасөз хатшы Мөлдір Бекееваның құқығын бұзды деп танылды

Кассациялық алқа осындай шешім шығарған

«Сотта ойсыра жеңілді»: Шымкенттің полиция департаменті баспасөз хатшы Мөлдір Бекееваның құқығын бұзды деп танылды
Фото: istockphoto.com

Танымал заңгер Айгүл Орынбек Шымкенттің полиция департаментін Жоғарғы сотта жеңіп шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жоғары Сотта Жеңіске жеттім. Ұлттық Кеңес аясында әкімшілік-рәсімдік процестік кодексті қолданысқа енгізуге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тікелей мұрындық болды. Қазіргі кезде аталған заңнама адам құқығын қорғайтын бірегей әрі нақ құжат болып отыр. Астана қаласында ҚР Жоғарғы сотының кассациялық сатысында Мөлдір Бекееваның құқығын абыроймен қорғап шықтым. Шымкенттегі адам құқығын қорғайды деген Шымкент қаласының полиция департаментінің өзі - сотта адамның конституциялық және еңбек құқықтарын өрескел бұзғаны айқын дәлелденіп, ойсырата жеңіліс тапты. Кассациялық алқа әділ шешім шығарды», - деді Айгұл Орынбек.

Заңгер атағандай, ел президентінің өзі мемлекеттік қызметтегі әйелдердің құқықтарын қорғауды қатаң тапсырды және бұл мәселені жіті әрі жеке қадағалауына алып отыр.

«Мойындау керек, еліміздегі сыбайласқан «ескі жүйемен» толассыз күрес, жұмсалған уақыт, жүйке - бәрі де оңай емес. Бірақ адам құқығы, оның ішінде мем.қызметтегі әйелдер өз құқықтарыңыз  үшін қорықпай жасқанбай күресіңіздер», - деп жазды ол.

Еске салсақ, 2022 жылы Шымкент полиция департаментінде үлкен дау туындаған еді. Ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Суицидке барар алдында хат жазған Мөлдір оны бұл қадамға басшылығы итермелегенін айтқан. 

Серіктес жаңалықтары