Олардың талғамындағы арулар қандай
Azattyq Rýhy Қазақстанда қалыңдық таппай жүрген танымал бойдақ жігіттердің тізімін тізіп шықты. Олар – өнерде, спортта аса танымал.
Қазақстандағы танымал бойдақ жігіттердің тізімін әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген бастап тұр. Биыл 24 мамыр күні 30-ға келген әнші кез келген арудың арманындағы «ақбоз атты ханзада» екені анық. Ал Димаштың ата-анасы «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында болашақ келіндеріне қоятын бір ғана талабы бар екенін айтқан еді.
«Қазақ бір-ақ ауыз сөзбен бәрін айтып тастаған ғой. Адал сүт емген бала болса болды дейді. Дәл сондай бала болса деп тілейміз, армандаймыз. Болған сәтте қуанамыз, күтіп жүрміз. Сәті болар деп ойлаймыз», - дейді Димаштың анасы Света Айтбаева.
Өз кезегінде Димаштың әкесі Қанат Айтбаев жұбайы жақсы ене болатынына сенген.
«Менің ойымша, Света жақсы ене болады. Өйткені, жақсы келін бола білді, ата-енесінің тілін тауып, өмір бойына ата-енемен тұрды. Болашақта өз келініне де жақсы үлгі болады деп ойлаймын. Сондықтан сондай күнге жеткізсе дейміз», - деді Димаштың әкесі.
Биыл жазда өткен Париж Олимпиадасының күміс медаль иегері боксшы Нұрбек Оралбай да бойжеткен қыздардың арманындағы жігіттердің бірі. Париждегі өнерінен кейін әлеуметтік желіде Нұрбек Оралбайдың фотосын қойып «Оған тұрмысқа шыққым келеді» деген жазбалар жариялады.
Оның үстіне егіз бауыры Айбек Оралбай үйленгеннен кейін арулардың назары еріксіз 24 жастағы Нұрбекке де ауды. Ал боксшымыз қиялындағы аруды былайша суреттеп берді:
«Ақылды, иманды қыз болуы керек. Иманды дегенде міндетті түрде хиджап киюі шарт емес. Бірақ мені тыңдайтын, менің ата-анама өз ата-анасы секілді қарай алатын қыз керек. Көреміз, бұйырған бір қыз бар ғой», - деп Нұрбек Оралбай жуырда «The DS’ Show» бағдарламасында айтқан болатын.
Жастар арасында талай хит әнді шығарған бұл жігіт қыздар қауымының назарын өзіне еріксіз аударып отыр. «Уақыт», «Зымыран», «Сен туралы», «Сенімен» әндерінің авторы қазір 24 жаста.
YouTube желісіндегі әндерінің бейнебаяны ондаған миллион қаралым жинайтын әншінің басы бос. Қызығы, Мирастың әнші ағасы Рүстем де, інісі Мұхамед-Әли де үйленген. Ал Мирас әзірге бойдақ. Үш жыл бұрынғы сұхбатында әзірге үйлену жоспарында жоқ екенін айтқан.
«Мұхамед-Әли отбасылы болғаннан кейін ата-анам жүре бермей тезірек үйлен дейді. Ертең ініңнің баласы сенің балаңнан үлкен болып тұра ма дейді. Бірақ бәрі Алланың қалауымен, көреміз енді. Әзірге үйленемін деген ой жоқ. Қыз да жоқ», - деген еді Мирас Жүгінісов.
Ал одан бері әншінің бұл ойы қаншалықты өзгергені әзірге белгісіз. Алайда Мирасты танымал блогер Дәмелі Бектұрсыновамен (Damelya Sweet) көңіл жарастырып жүргені жайлы сыбыс тараған.
«Таптым-ау сені», «Мінезің көркем», «Бақытыңды табасың» хит әндерінің орындаушысы Қазыбек Құрайыш та бойдақ жігіттердің бірі. Дүйім жұртқа танылғанына санаулы жылдың жүзі болса да үлкен сахналарда өнер көрсетіп, тыңдармандарының ыстық ықыласына бөленіп жүр.
Әншінің әу бастағы оқыған мамандығы өнерге тіптен қатысы жоқ. Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды «радиотехника, электроника және коммуникация» бойынша бітірген.
Интернет бетінде әншінің сұхбаттары жоқтың қасы. Өзі туралы ашып айтпайтын әнші хит болған «Мінезің көркем» әнін анасына арнап шығарғанын ғана айтқан. Ал концерттерінің бірінде «Баяғы» әнін бұрынғы сүйіктісіне арнап шығарғанын тілге тиек еткен.
Ол Қазақстандағы талантты футболшылардың бірі болған. «Тараз», «Астана», «Қайрат», «Шахтер» клубтарының сапында үздік болған.
Нағыз сүрбойдақ. 35 жастан асқан экс-футболшыны жанкүйер қауым «Егіз лебіз» жобасынан кейін әнші Балжан Бидашпен көңіл жарастырып жүргенін жарыса айтқан. Тіпті, әншінің Алматыда өткен туған күн кешіне Ұланның Астанадан арнайы келіп, бір құшақ гүлмен құттықтағаны да көпшіліктің есінде.
Футболшының бір кездері модель Ботагөз Балабековамен көңіл жарастырып жүргені белгілі болатын. Алайда кейіннен бұл жұп айырылысып кеткен көрінеді.