Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Алматыда 26 қараша күні жолаушылар мінген автобус пен тепловоз соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ЖКО сағат 11:40-та Гоголь көшесінің Әуезов көшесімен қиылысында болған. Жеке тасымалдаушыға тиесілі жолаушылары бар автобус теміржол бойымен жүретін тепловозға соғылды.
«Апат салдарынан қоғамдық көліктің алты жолаушысы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады Алматы ПД.
Құқық қорғау органдары апаттың мән-жайын анықтап жатыр.