Астанада ресми түрде қанша адам өмір сүретіні анықталды
Астанада ресми түрде қанша адам тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан қала тұрғындарының санына қатысты нақты ақпарат жариялады.
«Елорда тұрғындарының жалпы 52,4 пайызын әйелдер құрайды. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана тұрғындарының саны 1 464 415 адам болса, оның 768 181-і – әйел адам», - дейді Назгүл Мақжан.