Олардың қай салаларда қызмет етіп жүргені белгілі болды
Қазақстан аумағында 13 246 шетел азаматы заңды түрде жұмыс істеп жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оларға мынандай санаттар бойынша жұмыс істеуге рұқсат берілген:
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Оларда 389,8 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 664 адам, Өзбекстан – 1 230 адам, Түркия – 1 150 адам, Үндістан – 1 108 адам.
«Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 17,2 мың бірлік мөлшерінде белгіленді», - делінген министрлік хабарламасында.