Балаларына 20 млн теңгеден аса қарыз: Жетісу облысында алимент төлемеген бір адам сотталды

Автор: Аян Бекжанұлы

Олар алименттерін уақытылы төлемеген

Фото: depositphotos.com

Жетісу облысында алты адамның балаларына 20 млн теңгеден аса қарызы бар екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өз балаларына міндетті алимент төлемегені үшін оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта алты адамның үшеуіне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Олардың біріне үкім шығарылып, сотталды.

Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар 30-дан астам балаға сот шешімімен тиесілі қаражаттарын алуға көмектесіп, қадағалау актілері бойынша олардың пайдасына 50 миллион теңгеден астам қарызды өндіріп берді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.