$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Көлсай көлдері» паркінде қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды

Бұл кадрлар жыртқыштардың күнделікті өмірін көрсетеді

«Көлсай көлдері» паркінде қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды
Бейнеден кадр

«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінде қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнежазбадан түнгі уақытта парк аумағында сенімді қимылдап жүрген қар барысын көруге болады. Сонымен қатар фототұзаққа түскен Түркістан сілеусіні өз жемтігін байқаған бойда секіруге дайындалып, бірақ соңғы сәтте райынан қайтады.

«Бұл кадрлар жыртқыштардың күнделікті өмірін ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге парк аумағында олардың мекендеуіне қолайлы жағдай жасалғанын дәлелдейді. Табиғатты сақтап, қар барысы мен Түркістан сілеусіні сияқты асқақ жануарларды қорғауға бірге атсалысайық», - делінген комитет хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары