Осы факті бойынша Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі тексеру жүргізуде
Алматыда автобуста ер адам телефонмен қатты сөйлескен әйелді ұрып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға №126 автобуста Төле би-Тұрғұт Озал көшелерінің қиылысында болған.
Куәгерлердің сөзінше, жанжалға жолаушы әйелдің телефонмен қатты сөйлесуі себеп болған. Ер адам әйелге бірнеше мәрте ескерту жасаған. Содан кейін ол өз сөзін елемеген әйелді автобустан түсіріп жіберуге әрекеттенген. Бұл әрекеті де сәтсіз болған ер адам әйел жолушыны жұдырықпен ұрып жіберген.
Аталған факті бойынша Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі пікір білдірді.
«Осы факті бойынша Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі тексеру жүргізуде. Кінәліге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шаралар қабылданатыны сөзсіз. Мән-жағдай анықталып жатыр», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.