Астанада апта ортасында бірқатар көше жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

27-28 қараша күндері ұйымға мүше елдердің басшылары Астанада бас қосады

Фото: Azattyq Rýhy

Астанада ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысының өтуіне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, шетел мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік барысында, 27-28 қарашада елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көліктердің жүруіне уақытша шектеу қойылады.

«Әзірлік шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.

Сонымен қатар, 27 қарашада Астана қаласының аспанында ҚР ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Мемлекеттік күзет қызметі хабарламасында.