«Алма ағашынан алысқа түспейді»: Тоқтар мен Бейбіттің өнерлі ұлына жұрт сүйсінді
Көпшілік бүлдіршіннің биін әкесі Тоқтар Серіковтің би қимылдарына ұқсатқан
Өнерлі жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева желідегі парақшасында кішкентай ұлдары Шахнұрдың билеп жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазбаның астында әнші «Біздің үйдің жұлдызы» деген жазба қалдырған.
Атақты Майкл Джексонның биін қайталаған балақайдың өнері желідегілерді таң-тамаша етті. Көпшілік бүлдіршіннің биін әкесі Тоқтар Серіковтің би қимылдарына ұқсатқан.
«Алма ағашынан алыс түспейді деген осы», «Папасы мықты биші ғой, көшірмесі тура. Өмір жасың ұзақ болсын, балапан!», «Талабына нұр жаусын, күнделікті еңбек бәрін жеңбек», «Папасы сияқты биші болайын деп тұр ғой балапан», «Биге барып жүрген бала ғой мынау, музыкамен аяқ алысын көрмейсіңдер ме? Екінші Аюханов», «Папасынан асып түсейін деп тұр ғой» деген сынды пікірлер жазылған.
Айта кетейік, Тоқтар мен Бейбіттің төрт ұлы бар.