Абай облысында ауа райына байланысты автожолдардағы қозғалыс шектелді

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер жүргізушілерден сақтық шараларын сақтауды сұрайды

Фото: depositphotos.com

Абай облысында ауа райына байланысты Жетісу облысы бағытындағы автожолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, боран соғып, жол дұрыс көрінбейтіндіктен екі жол учаскесінде қозғалыс шектелген.

«Боран, көрінудің шектелуі және жол қозғалысы қауіпсіздігіне төнген қауіпке байланысты «Мақаншы – Жалаңашкөл» тасжолының 0-133 шақырымы, «Мақаншы – Үшарал» тасжолының 0-48 шақырымында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полицейлер жүргізушілерден сақтық шараларын сақтауды және бұл ақпаратты жол жүру жоспарларында ескеруді сұрайды.