Жетісу облысында қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар жақын маңдағы елдімекенге жеткізілді

Фото: gov.kz

Жетісу облысында қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал-Достық станциясы республикалық автожолының учаскесінде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.

«Оқиға орнына келген құтқарушылар вахтаның көмегімен 8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Эвакуацияланған адамдар жақын маңдағы елдімекенге жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.