Букингем сарайы үш жыл бойы мемлекеттік қабылдаулар өткізбейді

Автор: Azattyq Rýhy

Букингем сарайында соңғы мемлекеттік қонақ ретінде желтоқсан айында Катар әмірі қабылданады

Фото: © istockphoto.com

Букингем сарайы алдағы үш жылда мемлекеттік қабылдаулар өткізуді тоқтатады. Бұл шешім ғимаратта жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy The Times басылымына сілтеме жасап.

«2027 жылға дейін барлық мемлекеттік қабылдаулар мен іс-шаралар Виндзор сарайында өтеді. Букингем сарайында соңғы мемлекеттік қонақ ретінде желтоқсан айында Катар әмірі қабылданады деп жоспарланып отыр. Букингем сарайында жөндеу жұмыстары 10 жылға жоспарланған және 369 миллион фунт стерлингті (462,3 миллион доллар) құрайды», — деп жазылған мақалада.

Қазіргі уақытта сарайдың ең сәнді залдары уақытша жабық.