Жамбыл облысында әжесі мен төрт немересі уланып қала жаздады

Автор: Azattyq Rýhy

Байзақ ауданында екі қабатты тұрғын үйде өрт шыққан

Фото: ТЖМ

Жамбыл облысы Байзақ ауданында екі қабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде өрт сөндірушілер төрт немересі мен олардың әжесін аман алып шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін таңертең Байзақ ауданында екі қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Жалын тек 10 шаршы метр аумақты шарпығанымен, қатты түтіннен тұрғындардың газдан улану қаупі туындады.

«Тексеру жұмыстары кезінде өрт сөндірушілер әжей мен оның төрт немересін анықтап, оларды терезе арқылы сыртқа алып шықты», – делінген ресми хабарламада.

Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.