Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасө қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, Солтүстік айналма жол автожолында Chevrolet автокөлігі мен MAN жүк көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet жүргізушісі жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты.

«ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс атқаруда», - делінген ПД хабарламасында.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.