Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісінің екеуі Қытай аумағында, біреуі Тәжікстан аумағында болған

Фото: istockphoto.com

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 23 қараша күні үш жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ғылыми орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы дүмпу Астана уақытымен 10 сағат 45 минут 43 секундт тіркелген. Жер сілкінісінің координаттары: 40,906 N. 77.759 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында (Алматыдан оңтүстікке қарай 265 шақырым жерде) орналасқан.

Екінші жер сілкінісі 13 сағат 32 минут 57 секундта болды. Жер сілкінісінің координаттары: 39,319 N. 71.598 Е. Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында (Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 620 шақырым жерде) орналасқан.

Үшінші дүмпу 15 сағат 06 минут 53 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 42,060 Н. 80.481 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында (Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде) орналасқан.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы ақпарат жоқ.