Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде

Фото: gov.kz

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдіктіні ұстау шаралары 2024 жылғы 23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген.

«Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада.